Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызу акциясына қатысты

Бөлісу

2023 жылғы 13 мамырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.С. Сәрсенбаев ҚР Президенті саябағында өткен «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Акцияның басты мақсаты – елорда тазалығын сақтау  және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Аталған іс-шара Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII Съез бастамаларын одан әрі ілгерілету аясында жүзеге асырылды.

Анықтама: 2022 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының жетекшісі М. Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII Съез делегаттарымен бірлесіп, Қазақстандағы конфессиялар және этностардың бірлігі мен достығына арналған Бейбітшілік және келісім атты жаңа саябақты ашты.