Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – әлемдік рухани алаң

Бөлісу

Қазақстан тəуелсіздік жылдарында дінаралық және этносаралық татулықтың өміршең екендігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы ерекше рөлін, халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.

           Конфессияаралық келісім – егеменді еліміз Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.

Дінаралық татулық тұғырын биік әрі берік етіп, қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық сезіне отырып, елімізде үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізілуде. Бүгінде Астана атауы биік мінберлерден тек саяси-экономикалық форумдарға қатысты ғана емес, дін саласындағы түйткілді тақырыптардың түйінін тарқату ісіне байланысты да жиі аталуда.

Астана қаласындағы әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездері өтіп тұрады.

   Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі 2021 жылы Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, әлемде COVID-19 дертінің таралуына байланысты, уақыты шегеріліп, 2022 жылға ауыстырылғаны есімізде. Сьезд ағымдағы жылдың қыркүйек айының 14-15 жұлдызында өткен болатын.

Дінаралық форумға 50-ден аса елден 100-ден астам делегация келді. Аталған жиынға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және басқа да діндер көшбасшылары қатысып, еліміздің жасап жатқан осындай маңызы іс-шараларына тілектерін тілеп, оң пікірлерімен бөліскен болатын. Бұл іс-шара Қазақстанды ғана емес, әлем елдерінің бақылауында болып, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын тудырған еді. 200-ден астам шетелдік және 300-ден астам қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.

Конфессияаралық келісімнің басты мақсаты – Қазақстан еліндегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дәстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуы деп біледі. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адами құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық алмасулардың алаңына айналғандай. Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі» төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда.

Аталмыш съездердің өту мақсаты – әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің қазіргі заманғы шешімін таппаған жаһандық проблемаларды бірлесе шешуге бағдарланған. Діндер мен мәдениеттер арасындағы халықаралық байланысты ілгерілету, әлемдік және ұлттық діндердің диалогын қамтамасыз ету, діни төзімділікті, діни тағаттылықты нығайту болып табылады. Бұл Қазақстан еліне жүктелген ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып табылады. Үлкен діни форумдардың бізде өтуі – біздің елімізге, қазақ халқына деген үлкен құрмет пен зор сенім. Бүгінде сол сенімді толық ақтап келеміз. Бүкіл әлемде әр алуан дінді ұстанатын адамдар Қазақстанның елордасындағы кездесуге зор үмітпен көз тігуде. Ұрыс-жанжал мен үрейден қажыған миллиондаған адамдар бейбітшілікті, тыныштықты, тұрақтылықты қалайды.

Жалпы елімізде дәстүрлі форматта өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі халықаралық аренада үлкен маңызға ие. Әр жылдары қоғамда дін саласында болып жатқан түйіткілді мәселелердің түйінін шешіп, бір-бірімен қырғи қабақ болып, діни ұстанымдарына қарсы келіп жатқан дін өкілдерін басын қосып, ортақ мәселені талқылау үлкен жетістіктердің бірі. Дәл осындай жағдайлардың алдын алу мәселелерінде Астана ұсынған рухани алаңның қоғамға тигізер пайдасы орасан зор. Діни конфессиялардың әлемдік көшбасшыларының басын бір мақсат жолына тоғыстырып, ортақ адамзаттық адамгершілік идеяларына жүгіндіруі, ғаламдық дін лидерлерінің 3 жыл сайын басын қосып, сол бүкіл әлемнің дүбірлі аймақтары мен жаһандық радикализмнің алдын алуға белсене атсалысып, әлемді торлаған терроризм тәлкегінен арылтып, экстремизм әлегінен құтылуға таптырмас әлемдік рухани алаң.   

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

«Әдістемелік қамтамасыз ету»

бөлімі басшысы м.у.а.                                                                         

А.Тағай                 

https://zhasalash.kz/sayasat/alemdik-zhane-dasturli-dinder-koshbasshylarynyn-sezi-%E2%80%93-alemdik-ruhani-alan-24232.html