25 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Түркия Республикасына (Ыстамбул қ.) жұмыс сапары аясында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры Махмуд Эрол Киличпен кездесті.
Кездесу мақсаты - 2022 ж. Н.Назарбаев орталығы мен IRCICA арасындағы қол қойылған Меморандум аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастыру.
Кездесу барысында тараптар бірегей диалог алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ерекше рөлін және Съезд идеялары мен оның қорытынды құжатын - Әлемдік және дәстүрлі діндер рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған Декларацияны одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруды талқылады.
Сонымен қатар, Орталық басқарма Төрағасы бірлескен дөңгелек үстелді өткізуге үлкен қолдау көрсеткені және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Б.Сәрсенбаев Съездің және оның институттарының отырыстарын өткізуге арналған халықаралық алаң болып табылатын Н.Назарбаев Орталығының қызметі және Съезд Хатшылығының XXI мерейтойлық отырысын өткізуге дайындық жұмыстары туралы айтып берді.
Тараптар конфессияаралық келісім мәселелері бойынша екі ұйымның одан әрі ынтымақтастығы туралы уағдаласты.