26 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Түркия Республикасында (Ыстамбул қ.) жұмыс сапары аясында Бразилия планеталық одағының президенті Исис Мария Боргес де Ресендемен кездесті.
Кездесуге сонымен қатар Бразилия планетарлық одағының вице-президенті Маркос Ресенде және Планетарлық Одақ Президентінің кеңесшісі Луана Флорес қатысты.
Тараптар мәдениетаралық диалогты дамытуға бағытталған ортақ міндеттерді талқылады, сондай-ақ ұйымдар арасындағы көп спектрлі және сындарлы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Б. Сәрсенбаев қазіргі уақытта Н. Назарбаев орталығы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі идеяларын және оның Декларациясын халықаралық ақпараттық және зияткерлік күн тәртібінде белсенді және дәйекті ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Тараптар бейбітшілік пен келісім жолында конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін бір-біріне шын жүректен ризашылық білдірді.