Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығы мен Жаһандық толеранттылық пен бейбітшілік кеңесі әріптестік туралы туралы меморандумға қол қойды

Бөлісу

Биыл 26 ​​сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Түркия Республикасына (Стамбул) жұмыс сапары аясында Толеранттылық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңес төрағасы (БАӘ) Ахмед Мұхаммед әл-Джарванмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуда ортақ қызығушылықты ескере отырып, ұйымдар бірегей жаһандық дінаралық диалог алаңы ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің идеяларын насихаттауға ниетті.

Сонымен қатар, тараптар өз миссияларына сәйкес жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті. Соның ішінде тәжірибе алмасу бағытында мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты дамыту тәжірибесі, кездесулер, ортақ форумдар мен конференциялар ұйымдастыру.

Анықтама: Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңес демократиялық принциптерге сүйеніп, толеранттылық мәдениетін насихаттау арқылы адамзат үшін шынайы және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуде халықаралық құқық жүйесіне сүйенетін  халықаралық ұйым болып табылады.

Толеранттылық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысы Ахмед Мұхаммед әл-Джарван Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Cъезінің қатысушысы (2022 ж.)