Жаңалықтар

Ыстамбұлда Н.Назарбаев орталығы мен Бразилияның Планетарлық одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бөлісу

2023 жылғы 26 ​​сәуірде Ыстамбұлда Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев пен Бразилия Планетарлық одағының президенті, бразилиялық «TV-Supren» телеарнасының басшысы Улиссис Ридель де Резенде арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты - мәдениет, өнер саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және ақпараттық жұмысты жүргізу, сондай-ақ өркениетаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Ұйымдар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің идеяларын насихаттау, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзара қызығушылық тудыратын басқа да іс-шараларды өткізу аясында ынтымақтастық орнатуға ниетті.

Тараптар осы Меморандумның жасалуы халықаралық деңгейде мәдениеттер, діндер мен өркениеттерді жақындастыру миссиясын бірлесіп жүзеге асыруға серпін беретінін атап өтті.

Анықтама: Бразилия планетарлық одағы (União Planetária) – әлеуметтік, білім беру және қоршаған орта салаларындағы жобаларды әзірлеумен айналысатын үкіметтік емес, коммерциялық емес азаматтық қоғам ұйымы.

Планетарлық одақ негізін қалаушы Улиссес Ридель Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне (2018 ж.), Планетарлық одақтың президенті Исис Мария Боргес де Ресенде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысты (2022 ж.) .