30 наурыз күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасындағы Ирак Республикасының уақытша сенімді өкілі Шайма Жауад Матар ханыммен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі идеяларын, оның әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған қорытынды құжаты – Декларацияны ілгерілету жайлы міндеттерді талқылады.
Сонымен қатар, Орталық Басқарма Төрағасы 2023 жылдың қазан айында өтетін ХХІ Съезд Хатшылығының дайындық барысымен таныстырды.
Тараптар конфессияаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы келісті.