2022 жылдың 21 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде Чжан Сяо мырзаны VII Съездің қорытынды жұмыстарымен және оның қорытынды құжаты – Декларациямен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстан кезекті рет Ел ішіндегі келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту бойынша халықаралық аренада диалог алаңын ұйымдастыра алғанын атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу аясында Н. Назарбаев орталығы мен Қазақстандағы Қытай Елшілігі арасындағы конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.