Орталықтың Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі ретінде, Адами өлшем бойынша комитетінің бейнеконференцбайланыс режиміндегі отырысқа қатысты.
Іс-шараға Адами өлшем комитетінің Төрағасы, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Х.Ажиғұлова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Л. Қалтаева, «Анашым» көзі нашар көретін балалар мен жастарды қолдау қорының бас директоры Б. Базарбеков, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Т.Кастуганов, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Ө. Сүлеймен, сондай-ақ ҚР СІМ қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында ағымдағы жағдай туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ балаларды ұрлауға байланысты істерде ҚР Сыртқы істер министрлігіне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.