Биыл 19 қаңтарда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев «LYN Community» АҚШ үкіметтік емес ұйымының Президенті У. Кьюсакпен кездесті.
Кездесу барысында Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстан азаматтық қоғамы үшін үкіметтік емес ұйымдар секторымен ынтымақтастықтың басымдығын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Съезд идеяларын және оның қорытынды құжаты – Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған Декларацияны одан әрі ілгерілету жұмыстарын талқылады.
У.Кьюсак Басқарма Төрағасына жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, халықаралық деңгейде диалог пен келісімді ілгерілетуде қазақстандық бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу соңында, ынтымақтастықты нығайту мақсатында Тараптар конфессияаралық диалог бағытындағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаласты.