Жаңалықтар

Орталықтың Басқарма Төрағасы Израиль елшісі және Португалия Елшісінің ҚР-дағы орынбасарымен кездесті

Бөлісу

Биыл 10 қаңтарда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эдвин Ябо Глусман және Португалияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Давид Мигель Малакиаш де Матушпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Съезд идеяларын және оның қорытынды құжаты – Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған Декларацияны одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруды талқылады.

Сонымен қатар, дипломаттар конфессияаралық келісім бағытында бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.