Биыл 15 желтоқсанда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев өзінің құттықтау сөзінде Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемде қарқынды дамушы, танымал және гүлденген мемлекетке айналғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың стратегиялық бастамалары мен дәйекті саясатының арқасында біз әртүрлі конфессиялар мен діндердің өкілдері тату өмір сүретін бірегей елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін біз осы салада маңызды нәтижелерге қол жеткіздік, бұған - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізудегі тәжірибесі дәлел», - деді Б.Сәрсенбаев.
Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік мереке қарсаңында орталық қызметінің тиімділігін арттыруға қосқан зор үлесі үшін М.Қиқымбаев, Р.Имантай, Ғ.Әріпбаев және Р.Қадыров Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.