2022 жылдың 14 қарашасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі қорытындылары туралы айтып, бүгінгі қоғам үшін Съезд декларациясының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, конфессияаралық келісімді одан әрі дамыту және Н.Назарбаев орталығы мен Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округі арасындағы өркениетаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.