Жаңалықтар

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори: «Қазақстан БҰҰ қағидаттарын берік ұстанып отыр»

Бөлісу


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті.

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар - азаматтық қоғам, ақпарат, дінаралық диалог, инклюзивті қоғам, жастар және отбасы құндылықтарын насихаттау туралы айтты.

Өз кезегінде, Микаэла Фриберг-Стори Қазақстандағы реформаларға оң баға беріп, медиа заңнама жобасына қатысты бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге келісті.

https://www.instagram.com/aqparatqogam/