Ағымдағы жылдың 3-4 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Бахрейннің «Шығыс және Батыс адам өмір сүруі үшін» диалог форумына қатысты. Әл-Азхардың жоғарғы имамы Ахмед Әл-Тайеб, Рим Папасы Франциск, Бахрейн Королі Хамад ибн Иса Әл-Халифа және басқа да көрнекті интеллектуалды қайраткерлер мен әлемнің әртүрлі елдеріндегі дін өкілдері қатысқан форумды, Бахрейндегі Ислам істері жөніндегі Жоғарғы Кеңесі, мұсылман Ақсақалдар кеңесі және Король Хамадтың жаһандық бейбіт қатар өмір сүру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
«Диалог және бейбіт қатар өмір сүру» форумының екінші сессиясында сөйлеген сөзінде Орталық Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі декларациясының тарихи маңыздылығын айқындап, ол іргелі мәселелерді қамтиды және халықаралық ұйымдар мен саясаткерлердің бүкіл әлемдегі нұсқаулары мен көмегі ретінде пайдаланылуы мүмкіндігін: «35 тармақтан тұратын декларацияда, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы бейбітшілік пен диалог үшін өзінің тұрақты қызметін жалғастыруы тиіс деген негізгі месседждер-ережелер бар. Съездің негізгі хабары мен мақсаттары мен оның декларациялары бүгінде әлемнің барлық континенттерінде және барлық негізгі тілдерінде айтылады» атап өтті.
Бахрейндегі форум барысында Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Король Хамадтың жаһандық бейбіт қатар өмір сүру орталығының қамқоршылық кеңесінің Төрағасы доктор. Шейх Халид бен Халифа Әл Халифамен, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен, Кавказ мұсылмандары Басқармасының Төрағасы Шейх-ул-ислам Аллахшукюр Пашазадемен, Бас муфти, Ресей мұсылмандары Орталық Діни Басқармасының Төрағасы Шейх-ул-Ислам Талғат Сафа Тәжуддинмен, Тәжікстан Республикасының мүфтиі, Улем кеңесінің Төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзодамен, Антиохияның маронит Патриархымен, Кардинал Бешар Бутрос Раимен, Вена архиепископы және Австрияның приматы Кардинал Кристоф Шенборнмен, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абдель Саламмен, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Ибрагим Тахамен, Корольдік дінаралық зерттеулер институтының директоры (КИМИ) (Иордания) Ахи Хаттармен, «Этникалық өзара түсіністік қоры» ҮЕҰ Президенті раввин Марк Шнайермен, Парламентаралық Одақтың Президенті Дуарте Пашеку және форумның басқа да қатысушыларымен кездесілер өткізіп, тараптар дінаралық диалогты дамыту саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруға жан-жақты дайын екендіктерін білдірді.
Бахрейн диалог форумы ү.ж. қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысқан діни көшбасшылар, жетекші халықаралық сарапшылар арасында диалог құрудың жалғасы болып табылады. Өз сөздерінде қатысушылар өткен VII Съездің негізгі идеялары мен месседждерінің ой өзегі болып табылатын конфессияаралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар, шетелдік әріптестер Астанада өткен Съездің діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілету үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институт ретіндегі маңыздылығын атап өтті.