2022 жылдың 10 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 317 аудиториясында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Т.Жақияновтың «Діни ахуал мониторингі: әдістемесі және техникасы» тақырыбында дәрісі өтті.
Дәріс аясында діни ахуал саласына мониторинг жүргізудің әдіснамасы, техникасы және ерекшеліктері қарастырылып, эмпирикалық материалдар таныстырылды. Дәріске «Дінтану» кафедрасының студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты.