Бахаи қоғамдастығының шақыруымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстандағы қоғамдастық басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында Б. Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысқаны үшін Бахаи Дүниежүзілік Қауымдастығына ризашылығын білдіріп, Съездің конфессияаралық диалог алаңында дін қайраткерлерінің кездесуі қазіргі заманның сын-қатерлерін еңсеруге ықпал ететінін атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстандағы Бахаи қоғамдастығының басшылығы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейін атап өтті.
Екі тарап VII Съездің қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияның негізгі идеяларын ілгерілету және одан әрі ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Орталық пен қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.