Жаңалықтар

Брюссель тұрғындары мен қонақтары қазақ мәдениетімен жақынырақ танысты

Бөлісу

Брюссель, 2022 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі «Еуропалық мұралар күні» аясында екі күн бойы Брюссельдің тұрғындары мен қонақтарына өз есігін айқара ашты.

Дипломатиялық өкілдіктің ғимаратына кіреберісте келушілер қазақстандық фотографтар түсірген еліміздің қалалары мен табиғатының, отандастардың күнделікті тіршілігін көрсететін көлемді фотосуреттермен таныса алады. Еуропалық одақ астанасының жүздеген тұрғындары мен қонақтары қазақ киіз үйінің жабдықтарымен және еліміздің бай мәдениеті мен алуан түрлі табиғатын бейнелейтін көрмемен жақынырақ танысып, домбыра үнін тыңдап, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, естелік суретке түсе алды. Атақты отандастар – боксшы Геннадий Головкин мен әнші Димаш Құдайбергеннің фотосуреттері де көпшіліктің назарына ілікті. Қазақстандықтардың қонақжайлығын және біздің дәстүрлі тағамдарымыздың керемет дәмін жоғары бағалады.

Елшілік қонақтары, оның ішінде бельгиялық саясаткерлер, кәсіпкерлер, дипломаттар, еліміздің музыкалық өнерімен, елдің туристік әлеуеті, қазақстандық серіктестермен іскерлік байланыстарды орнату және нығайту мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Кейбіреулері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу үшін Рим Папасының Францисктің жақында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары арқылы Қазақстанға қызығушылық танытқанын айтып, қазіргі әлемде диалог пен өзара түсіністік мәдениетін нығайтуға бағытталған осындай бастамалардың өзектілігін атап өтті.

Жыл сайын қыркүйектің ортасында атап өтілетін «Еуропалық мұралар күндеріне» алғаш рет қатысқан Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігі Бельгия мен Еуроодақытң астанасында еліміздің бай мәдениетін, туристік және инвестициялық әлеуетін таныстыру мақсатындағы белсенді жұмысын жалғастыруда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/427416?lang=kk