Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев съезге қатысқан барлық қатысушыға алғыс білдірді.
Біздің форумға қатысып, дінаралық диалогқа үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Съезд хатшылық атынан декларациядағы идеялар мен қағидаларды ілгерілутіге ниеттіміз. Бұл құжат БҰҰ БА-ның ресми құжаты ретінде таратылады. Хатшылық съезді дамытудың тұжырымдамасын бірегей алаң ретінде 2023-2033 жылға әзірлейді. Бұл құжатқа сіздер айтқан идеялар ескеріледі, - деді Әшімбаев.
Съезге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Іс-шараға әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация келді.
Жалпы съезд барысында конфессиялардың діни көшбасшылары, соның ішінде бұрын айналасымен күрделі қарым-қатынаста болған ұйымдар жетекшілері бір үстелге жиналды.
Шетелдік сарапшылар мен беделді дін қайраткерлері осы өзекті мәселелерге қатысты өз ойларымен бөлісті.
Съезден ақпарат таратуға 300 БАҚ тіркелген. Оның ішінде Рим папасымен келген 81 журналист бар.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.
https://baq.kz/dinder-sezinin-deklaratsiyasy-qabyldanyp-zhumysy-ayaqtaldy-287340/