Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Ватикан басшысы, Рим Папасы Франциск келушілерді соғыстарды тоқтатуға жұмылуға шақырды.
Сіздердің есімдеріңіз ұлы тұлғалар ретінде тарихта қалады. Сондықтан бізде қазір адамның жылылығы тіршілікке өмір беру қабілеті жетіспей жатады. Әйел адам тіршіліктің қамқоршысы болғандықтан, біз әйелге қандай қамқорлық көрсетсек, бейбітшілік пен әйелге сондай қамқорлық жасай білуіміз керек. Әйелде міндет көп, қоғамдағы мәртебесі де жоғары болуы керек. Егер де әйел мәртебесі одан да жоғары болғанда, біз қанша өлім жазасын алдын алатын едік. Сондықтан көп шешімде әйелдерге үлкен мән беріп отырмыз. Әйел – бейбіт пен бейбітшіліктің жаршысы, - деді ол.
Рим папасы жастар туралы да айтып өтті.
Жастар - өз-өзімен бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Олардың әртүрлі салаларда жұмыс істеуі, жаңа технологияларға бейімділігі қуантады. Жаңа буын туралы айтатын болсақ, олардың басты факторы - білім. Оның аясында құрмет пен ізет артады. Жастардың білім алуына жағдай жасауымыз керек. Жастардың қамын ойлайық, - деді Рим папасы.
Ол, Қазақстан халқы ертеңгі күнді бүгін ойлап отырғанын айтты.
Ол барлық адамды бауыр ретінде тануға дайын. Сіздерге бейбітшілік пен келісім тілейміз, - деді ол.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.
https://baq.kz/ayel-men-alemge-birdey-qamqorlyq-korsetuimiz-kerek-rim-papasy-287336/