Бұл туралы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх Равиль Гайнутдин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Адамдардың бірін-бірі тыңдай білмеуі олардың арасында шынайы келісім мен ынтымақтастықтың болмауы пандемия кезінде өзін толық көрсетті. Бүгінгі планетамызды дүрсілкіндірген күрделі қақтығыс бұл жағдайды ашық әрі айқын көрсетті. Біз бұрынғы әлемдік тәртіптің көз алдымызда өзгеренін көрдік. Оның қаншалықты иллюзиялық екенін түсіндік. Бұрынғы әлемдік тәртіп негізінен проблемаларды жасыруға, сәйкессіздіктерді тыюға және өркениетті екіжүзділікке негізделген, - деді Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы.
Айтуынша, ғалымдар адамзаттың саяси-қоғамдық экономикалық өмірін ұйымдастырудың жаңа жетілген ақылға қонымды тетігін іздеуде.
Біз діни лидерлер бола отырып, осы жаңа әлемдік тәртіп пен дәстүрлі және әлемдік діндердің әмбебап құндылықтарына сүйене отырып құрылуға тиіспіз. Бұл жеке адамның көпшілік алдындағы жауапкершілігі, қоғамдық игіліктің жеке игіліктен басымдығы. Табиғи байлықтар мен материалдық ресурстарды әділ және ақылға қонымды жұмсау адамның жеке әл-ауқатын қорғаудағы отбасы неке институының ең жоғары құндылығы, - деді Шейх Равиль Гайнутдин елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде.