Рим папасы өзінің пасторлық сөзінде еліміздің азаматтық қоғамына алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен Қазақстанның азаматтық қоғамына ерекше алғысымды білдіремін. Себебі олар халықтың әл-ауқатын ойлайды және демократияның дамуына қолдау жасауда. Сіздердің елдеріңізде үйлесімділік бар екеніне сонымен бірге барлық халықтың мұң-мұқтажын ескерілген ел екеніне көзім жетіп отыр. Демократияландыру процесі толыққанды жүргізілуде. Парламентте және жергілікті билік органдарына тең құқық берілен, -деді Рим Папасы Франциск сөз сөйлеу рәсімінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына ризашылығын білдірген еді.
Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.
https://baq.kz/qazaqstannyn-azamattyq-qogamyna-algysymdy-bildiremin-rim-papasy-287171/