Жаңалықтар

Діндер съезіне қатысушылардың тізімі жасақталды

Бөлісу

2022 жылғы 14-15 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді. Бүгінгі күні съездің дайындық кезеңі толығымен аяқталып, бағдарламасы мен баяндамашылардың құрамы жасақталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Съезге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, іс-шараға әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация  келеді.

Жалпы Съезд маңызды деген қатысушылар құрамын жинайды. 

-Ватикан басшысы, Рим Папасы Франциск.

-Шейх Мухаммад Ахмад Ат-Тайеб, Әл-Азһардың жоғарғы имамы.

-Ицхак Иосиф, Израильдің бас сефард раввині. 

-Дэвид Лау, Израильдің Бас Ашкенази раввин

-Гутерриш Антониу, БҰҰ Бас хатшысы (бейне хабарлама).

-Феофил III, Қасиетті Иерусалим қаласының, бүкіл Палестинаның, 

-Арабияның, Сирияның, Иорданияның обонполының (екі жағалауы), Қасиетті Сионның және Галилеяның Канасының ең қасиетті патриархы.

-Мохаммед бин Абдулкарим әл-Иса, Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы (бейне хабарлама).

-Мигель Анхель Моратинос, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғары өкілі.

-Абделатиф бен Абдулазиз бен Абдуррахман Әл аш-Шейх, Сауд Арабиясы Королінің екі ғибадатханасы қамқоршысының ресми өкілі, Сауд Арабиясының Ислам істері, шақыру және нұсқаулық министрі

-Ли Гуанфу, Қытай даосистері қауымдастығының төрағасы.

-Джо Бейли Уэллс, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі Доркинг епископы.

-Масанори Фуджие, «Джинджя Хонче» синтоист храмдар қауымдастығының атқарушы директоры.

-Азза Карам, «Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік дінаралық ұйымының Бас хатшысы.

-Хейфа Абу Газаль, Араб мемлекеттері лигасы Бас хатшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

-Хироцугу Терасаки, Сока Гаккай буддистер қоғамының вице-президенті, Сока Гаккай Интернешнлдің атқарушы директоры.

-Ахмед бен Мұхаммед әл-Жархан, Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы.

-Дэвид Рутштейн, Бахаи Дүниежүзілік орталығының бас хатшысы.

-Сонг Чжин, Корей буддисттік "Чогие" орденінің халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің мүшесі, Намянгчжу қаласындағы Сонгванс храмының жетекшісі.

-Уэйд Кьюсак, «LYN Community» ҮЕҰ президенті.

-Аарон Френкель, Еврейлердің Еуразиялық конгресінің вице-президенті.

-Ирина Бокова, ЮНЕСКО Бас директоры (2009-2017), Болгария республикасының саяси және қоғам қайраткері.

Жалпы съезд барысында конфессиялардың діни көшбасшылары, соның ішінде бұрын айналасымен күрделі қарым-қатынаста болған ұйымдар жетекшілері бір үстелге жиналады. Осылайша, діни лидерлер ізгі ниеттің, кез келген айырмашылықты еңсеруге дайын болудың үлгісін көрсетеді. Бұл - съездің басты миссиясы, - деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова.

Назым Жанғазинова назар аударғандай, БҰҰ басшыларының, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар жетекшілерінің Съездің жұмысына қатысудың маңызы зор. 

VII Съезд бүкіл әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси алаңдаушылық пен шиеленістің күшеюі жағдайында өтуде. Осы орайда бейбіт диалогты нығайтуға және ашықтық саясатына бағытталған еліміздің күш-жігерін халықаралық қоғамдастық жоғары бағалайтыны сөзсіз. Нәтижесінде, Қазақстан бітімгер ел ретінде өзінің халықаралық беделін нығайта түседі, - деп атап өтті Назым Жанғазинова.

VII Съезд аясында осы іс-шараның дәстүрлі тақырыбы (діни диалог пен ынтымақтастық) ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғам үшін өзекті күн тәртібі  де талқыланады: қазіргі әлемдегі әйелдердің орны және гендерлік теңдікке қол жеткізудегі діннің рөлі, сапалы білім және діни ағартушылық, цифрлық дамудың қарама-қайшылығы және цифрлық теңсіздік проблемалары.  Шетелдік сарапшылар мен беделді дін қайраткерлері осы өзекті мәселелерге қатысты өз ойларымен бөліседі. 

Съезд қорытындысында Декларация қабылданады, оның мазмұны ағымдағы проблемалардың пайымын, оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ әлемдік діндер лидерлерінің ниеттерін, олардың халықаралық қоғамдастыққа жүгінуін көрсетеді. Декларация БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады.

Бұрын хабарланғандай, Съезге байланысты Рим папасының ресми сапары барысында кең ауқымды діни Месса – Рим-католик шіркеуінің латын ғұрпындағы негізгі литургиялық қызмет өткеруі күтілуде.  Мессаға кез келген дін және номинал өкілдері келе алады.  Рәсімге әлемнің түкпір-түкпірінен бірнеше мыңға жуық діндар қатысады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

 https://baq.kz/dinder-sezine-qatysushylardyn-tizimi-zhasaqtaldy-287159/