Елордада Діндер съезі хатшылығының отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Дінаралық диалог бойынша Қасиетті тақтың папалық кеңесі Ислам бюросының меңгерушісі, монсеньор Халед Акаше Қазақстанға қонақжайлық пен қауіпсіздікте жұмыс істеуге жағдай жасағанына алғыс айтты.
Тұңғыш президент пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ел жұртшылығына алғыс айтқым келеді. Коронавирусты еңсердік деп айта аламыз. Діни қауымдастық пандемиядан кейін руханиятқа қандай үлес қоса алатынын талқылауға келіп отырмыз. Біз ең алдымен адамдарға өмірдің мәнін түсінуге көмектесуіміз керек. Басымыздан өткен тәжіриені пайымдауымыз керек,- деді Халед Акаше.
Ол атағандай, пандемиядан кейін адамзат тіршілігінің нәзік екенін түсіну керек.
Бұрынғыдан қарағанда біз тұтас адамзатпыз, біздің тағдырымыз ортақ. Папа Франциск атағандай, жеке адамның тіршілік етуі мүмкін емес. Вакцина алу арқылы адамзат аман қалды. Съезге Рим папасының қатысатынына қуаныштымыз. Қазақстанның дінаралық руханиятына әсер етеді деп ойлаймыз. Әлемдегі шиеленіс төңірегінде достық пен келісімді нығайтатынына үміттіміз,- деді Халед Акаше.
Айта кетейік, 14-15 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді. Бүгінгі күні съездің дайындық кезеңі толығымен аяқталып, бағдарламасы мен баяндамашылардың құрамы жасақталды.
https://baq.kz/biz-adamdarga-omirdin-manin-tusinuge-komektesuimiz-kerek-akashe-287110/