Жаңалықтар

Ирина Бокова: Ислам мәдениеті – өзара түсіністік мәдениеті

Бөлісу

Бүгін «Діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі» тақырыбында өтіп жатқан №3 секциялық отырыста ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры, Болгария республикасының саяси және қоғам қайраткері Ирина Бокова мұсылман ғалымдарының әлем өркениетінің дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтті. – Мен осыдан бірнеше жыл бұрын Мысырдағы әл-Әзһар университетінде болғанымда ислам мәдениетінің айрықша қасиетке ие екенін байқадым. Ислам мәдениеті – өзара түсіністік мәдениеті. Бүгінгі таңда өркениеттер арасында қақтығыс жоқ. Тек қағынан жерігендер мен өз мәдениетін ұстанатындар арасындағы келіспеушіліктер бар, – деді ол. Айта кетейік, секциялық отырыс барысында діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдағы жауапкершілігі, діни лидерлер – жалпыға ортақ бауырластықтың жақтаушылары, азаматтық қоғам және дін: ынтымақтастықтың мақсаттары мен нысандары, дәстүрлі діндердің бітімгершілік және қайырымдылық қызметі қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне жауап ретінде, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылда діни және қоғамдық ұйымдардың тиімді өзара іс-қимыл тетіктері, жаһандық ынтымақтастық – адамзаттың орнықты және қауіпсіз дамуының басты шарты секілді тақырыптар талқылануда.  

https://kazislam.kz/irina-bokova-islam-madenieti-ozara-tusinistik-madenieti/