Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі жалғасуда. Бүгін іс-шаралар «Бейбітшілік және келісім саябағында» ағаш отырғызу рәсімінен басталды. Одан әрі Тәуелсіздік сарайында әртүрлі тақырыптағы секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Атайп айтқанда, «Діндердің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі» деп аталатын №1 секциялық отырыста Қазіргі қоғамдардағы дін және руханият; діни және зайырлы құндылықтар жүйесі: толерантты қатар өмір сүру және өзара іс-қимыл перспективалары; қазіргі қоғамда рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы діндердің рөлі; әлемдегі жаңғырту үдерістері контексіндегі дәстүрлі діни және отбасылық құндылықтар; әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани-адамгершілік құндылықтарының бірлігі мен алуан түрлілігі – жаһандану дәуіріндегі өркениетаралық диалогтың негізі секілді тақырыптар сөз болды. «Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі» деп аталатын екінші секциялық отырыста діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүруіндегі білім мен діни ағартудың рөлі; діни сауаттылықты және дінаралық толеранттылықты ілгерілету мәселелерінде дін мен БАҚ-тың сындарлы өзара іс-қимылы; білім беру, ағарту және дін қоғам мен мемлекеттің бейбітшілік пен тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында; сапалы білім беру және діни ағарту терроризм мен экстремизм идеологиясына, ксенофобия мен төзбеушілікке қарсы тұру факторлары ретінде; жастарды діни ағарту мәселесінде, қоғамдағы түрлі рухани-мәдени және этностық келіспеушіліктерді еңсеруде білім беру әлеуетін пайдалану; білім беру және діни ағарту саласындағы конфессияаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
https://kazislam.kz/dinder-s-ezining-sekciyalyq-otyrystary-zhalghasuda/
Діндер съезінің секциялық отырыстары жалғасуда
Бөлісу