Жаңалықтар

Ертең шейх Ахмет Тайып Республикалық Бас мешітте жұма уағызын айтады

Бөлісу

Елімізде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне келген әл-Әзһар шейхы Ахмет Тайып ертең, 16 қыркүйек күні ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте жұма намазына қатысып, уағыз айтады. Ахмет Тайып бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезіне де келген болатын. Сол кезде «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, имамдыққа шығып, жамағатқа жақсы сөздерін арнаған еді. Ол кісінің қазақ халқына деген құрметі ерекше. «Қазақстан – нағыз ислам ойшылдары мен араб тілі ғұламалары шыққан ел» деген еді бір сөзінде. Ол үнемі Ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан осы Орта Азиядан шыққан дін ғұламаларын үлгі тұтып, олардың есімдері мен еңбектерін мысал ретінде айтып отырады.

https://kazislam.kz/erteng-shejh-ahmet-tajyp-respublikalyq-bas-meshitte-zhuma-uaghyzyn-ajtady/