Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

БҰҰ Төрағасы съезд жұмысына бейнеүндеу жолдады

Бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының төрағасы Антонио Гутерриш видеобайланыс арқылы жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі. – Қасиетті қазақ жерінде өтіп жатқан форум барысында адамзат баласының алдынан төніп тұрған түрлі қауіп-қатерге қарсы шынайы шешімдер қабылданатынына сенімдімін. Діни саладағы бейбітшілік – барлық тұрақтылықтың негізі, – деді ол. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан съезд жұмысына әлемнің 50-ден астам елінен 100-ге тарта делегация қатысуда.

https://kazislam.kz/buu-toraghasy-s-ezd-zhumysyna-bejneundeu-zholdady/