Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Бөлісу

Сұрақ: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі қанша уақытта өткізіліп тұрады? Жауап: Әлемдегі және қоғамдағы дін рөлінің күннен-күнге өсіп отырғанын ескере келе жетекші діндер лидерлерінің ұсынысымен дін көшбасшыларының жиындары өтіп келеді. Мысалы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі дәстүрлі түрде Қазақстанда өткізілместен бұрын Италияның Ассизи қаласында ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары форумы Қазақстанда алғаш мәрте 2003 жылы өткізілді. Осы  І Съезде дінаралық форумды 3 жылда 1 рет тұрақты түрде өткізу туралы Шешім қабылданады. Сөйтіп көшбасшыларының саммиті Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда күні бүгінге дейін (2003, 2006, 2009, 2012, 2015, 2018 және 2022) жеті мәрте ұйымдастырылды. Әрбір форумның негізгі тақырыптары болады. Мысалы, «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік», «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы»,  «Бейбітшілік пен даму үшін диалог» және т.б. Кейін делегаттар өзекті тақырыптар бойынша арнайы секциялар мен дөңгелек үстелдерде баяндама жасап, пікір алысады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері – Қазақ елін әлемге танытқан ірі жобалардың бірі. Кезекті VIII съезд 2025 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін болып шешім қабылданды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді? | Қазақстандағы Ислам

https://kazislam.kz/alemdik-zhane-dasturli-dinder-koshbasshylarynyng-uiii-s-ezi-qashan-otedi/