Қаз

Жаңалықтар

Дін өкілдері Қазақстанда бас қосты

Бөлісу

Бұрынғы Ке­ңес Одағының құ­рамында болған Қазақстанда өт­кен съезде көптеген дін өкілдері өзек­ті мәсе­ле қозғады.

Соның ішінде, анг­лия­лық Доркинг епископы, делегацияларды басқарып келген оннан астам әйелдің бірі Джо Бэйли Уэллс, әйелдердің әлем халқының жартысын құрайтынын, бірақ діни жетекшілікке олардың әрең ұсынылып, қол жеткізе алмайтындарын қынжыла жеткізді.

Қазақстандағы сапары барысында Рим Папасы Франциск Мысыр еліндегі Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы, шейх Ахмад ат-Тайебпен және басқа да православие­лік, еврей, лютерандық және мұсыл­ман жетекшілерімен кездесті. Сол күндері ҚХР төрағасы Си Цзиньпин коронавирус пандемиясынан кейін­гі алғашқы мемлекеттік сапарымен Қазақстан астанасына келді.

https://egemen.kz/article/323429-din-okilderi-qazaqstanda-bas-qosty