Жаңалықтар

Грузияда «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

2022 жылғы 25 тамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында ҚР-ның Грузиядағы Елшілігі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының жобалар Директоры, ә.ғ.к. Б.Ракишева, Грузия Парламенті Адам құқықтары және азаматтық интеграция комитетінің өкілі Д.Музашвили, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» жетекшісі, т.ғ.к., доцент Г.Раздыкова, Грузия Азаматтық интеграция қорының директоры З.Халилов, Н.Назарбаев орталығының Дінтану зерттеулері департаментінің директоры, ф.ғ.к. Р.Камарова, Аджария өңірінен Грузия парламентінің тәуелсіз депутаты Т.Накаидзе, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» бас сарапшысы, ф.ғ.д. Г.Билялова, XXI ғасыр одағы басқармасының төрағасы П.Гачечиладзе, құқық қорғаушы/Езид қауымының рухани лидерінің заң кеңесшісі А.Мирзоев, Грузияның Халық қорғаушысы аппаратының Толеранттылық орталығының бас сарапшысы Б.Миндиашвили.

Грузияның Стратегиялық талдау орталығының сарапшысы, модератор Г.Васадзе өзінің құттықтау сөзінде конфессияаралық келісім және бейбітшілікті қолдау мақсатында осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына үлкен алғысын білдірді.

Дөңгелек үстел барысында Б.Ракишева әлемнің түрлі елдеріндегі конфессияаралық диалогты зерттеу үшін әлеуметтік зерттеулердің өзектілігі туралы сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Г.Раздыкова өз сөзінде Қазақстан өңірлерінің бірінде конфессияаралық диалогтың іс жүзінде жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Спикер Дін лидерлері клубының жұмыс істеу, дінаралық қарым-қатынасты орнату тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Раздыкова ханым Қазақстанның діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі тәжірибесі туралы айтты.

Қазақстан тарапынан сарапшы ретінде сөз сөйлеген Р.Камарова Грузия мен Қазақстан мәдениетінің ұқсас ерекшеліктерін, тарихтағы ортақ оқиғаларды, мәдени байланыстарды және одан әрі өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Дінтану зерттеулері департаментінің директоры Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің Қазақстанға да, діндер мен түрлі мәдениеттер диалогы үшін әлеуметтік алаңның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге де маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Г.Билялова Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу, оның тарихы мен қазіргі әлем үшін маңызы туралы айтып берді. Дөңгелек үстел қатысушысының айтуынша дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік мәселелері –  кез келген ел үшін маңызды тақырыптар. Өз сөзінде Г.Билялова Съезге қатысудағы өз тәжірибесімен және оның адамдардың ой-санасын өзгерту, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатудағы маңыздылығымен бөлісті.

Грузия тарапынан З.Халилов сөз сөйлеп, мемлекеттің түрлі конфессияларға деген сенімінің маңыздылығын атап өтті. Грузия тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың модельдері өзекті мәселелерге байланысты белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Спикер Грузия аумағындағы исламдық ағымдардың қазіргі жағдайы, сондай-ақ грузин қоғамындағы исламға деген қызығушылықтың өзектілігі туралы баяндады. Сонымен қатар, қатысушы Грузиядағы діни білім беруді реттеу тәжірибесі туралы бөлісті.

Өз кезегінде, дөңгелек үстелге қатысушылар конфессияаралық және өркениетаралық диалогты халықаралық деңгейде, әсіресе пандемия салдарын еңсеру үшін бірлескен күш-жігер тұрғысынан ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.