Жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ДІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен әлемдік діндерге арналған фотокөрме ашылады.

Фотокөрменің негізгі мақсаты – әлемнің әр түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне толерантты дүниетанымды және құрметпен қарауды қалыптастыруға жәрдемдесу, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда бірлескен жауапкершілікті нығайту болып табылады. Фотокөрме конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық бірегей моделін көрсетеді.

Көрме ағымдағы жылдың 25 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында «Қазмедиа орталығы» холлының 1-қабатында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. VII Съездің басты тақырыбы – «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі». Съезге әлемнің 50-ден астам елінен 100-ден астам делегация, оның ішінде діни, саяси және қоғам қайраткерлері қатысады.