Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің V отырысы өтті.
Іс-шараға АҚДМ вице-министрі А.Данилов, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қ.Сарыбай, Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Д.Есенова, Назарбаев Университетінің Вице-президенті Х.Даирова, Катар, Иордания, Израиль, Палестина, Өзбекстан, Иран, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Тайланд, Бангладеш, Ирак жастар қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ БҰҰДБ, ТүркПА халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Александр Данилов АӨСШК құрудағы Қазақстанның тарихи және негізгі рөлін атап, ұйымның құрылымдық институт болып табылатын Азиядағы сенімді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудың негізгі мақсатына жәрдемдесетін АӨСШК Жастар кеңесінің табысты қызметіне назар аударды.
«Бүгін АӨСШК Жастар кеңесі Форумның мүше-мемлекеттерінің ұлттық жастар ұйымдары арасындағы өңірлік ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналды деп сеніммен айтуға болады», - деді вице-министр.
Пленарлық отырыс және панельдік пікірталастар барысында қатысушылар жастар және студенттер алмасу бағдарламалары, жастардың радикалдануына қарсы іс-қимыл, жастар арасында суицидті, есірткіге тәуелділікті алдын алу шараларын мәселелері талқыға салды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК-нің жастар ұйымдарымен диалог пен әріптестік қатынастарын жандандыруға, сондай-ақ аталған мәселелерді шешуге жастар қоғамдастықтарының қатысуын қолдауға келісті.
Жалпы, қатысушы делегаттар көтерілген өзекті мәселелер АӨСШК елдерінде жастар саясатын ілгерілету үшін өзара қызығушылық тудыратыны туралы бірауыздан келісті.