Ү.ж. 8 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы католик шіркеуінде Құдайға қызмет ету және рәсімдер тәртібі қауымдастығының префектісі, Жоғары мәртебелі кардинал Роберт Сарамен және Нұр-Сұлтан қаласындағы мәртебелі Мария Архиепархиясының Архиепископ-митрополиті Томаш Пэтамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Б. Сәрсенбаев Орталықтың жұмысы, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және оған дайындық жөніндегі жұмысы туралы айтып, Рим Папасы Францисктің алдағы іс-шараға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Басқарма Төрағасы Съездің идеялары мен Орталықтың халықаралық деңгейдегі дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ватикандық тарапқа алғыс айтты.