Жаңалықтар

«Good News Mission» Шіркеуінің өкілдері Н. Назарбаев орталығында болды

Бөлісу

2022 жылғы 7 маусымда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Нурлан Есімов «Good News Mission» шіркеуінің ТМД елдеріндегі бас епископы Джо Гю Юн, Орта Азиядағы бас епископ Пак Ёнг Чоль, Орта Азия елдері бойынша көмекші Джон Дже Гын, Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Ким Сон Гу, Алматы қаласының өкілі Огай Владислав және басқа өкілдермен кездесті.

Кездесу барысында Н. Есімов кездесуге қатысушыларды Орталық қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне және оның институттарына дайындық туралы хабардар етті.

Өз кезегінде ТМД елдерінің бас епископы Джо Гю Юн «Good News Mission» Шіркеуі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына қатысқысы келетінін атап өтті, сондай-ақ білім беру, волонтерлік және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін хабарлады.

Жалпы, шетелдік қонақтар этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін және толеранттылық, үйлесімділік және дінаралық келісім идеяларын ілгерілетудегі бірлескен халықаралық күш-жігерді шоғырландыруда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының рөлін жоғары атап өтті.