Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасындағы Испания корольдігінің елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесті

Бөлісу

Ү.ж.13 мамырында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі ретінде Съез Хатшылығының XX отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және оған дайындық жөніндегі Орталықтың жұмысы туралы айтып, алдағы іс-шараларға испан тарапының қатысуының маңыздылығын атап өтіп, дінаралық қатынастарды дамыту жөніндегі Орталықтың бастамаларын жаһандық деңгейде қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Испания толық түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас орната білді», - деді Басқарма Төрағасы.

Өз кезегінде Хорхе Урбиола мырза Испания елшілігі Испанияның Қазақстанмен дінаралық келісімді қамтамасыз ету және әлемдегі мәдениетаралық диалогты ілгерілету мәселелерін қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар Съез Хатшылығының XX отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық жұмыстары аясында одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге келді.

 Анықтамалық: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I-VI Съезіне Испания тарапынан келесі делегаттар қатысты: Испанияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Альберто Антон Кортес, Испанияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос, "Нексос" Қорының Президенті Энрике Гаспар.