Жаңалықтар

Австрияның жетекші БАҚ өкілдеріне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі туралы ақпарат берілді

Бөлісу

Вена, 25 cәуір, 2022 ж. Қазақстанның Австриядағы елшісі Қайрат Омаров Австрияның жетекші БАҚ-тарына, атап айтқанда "APA-OTS" Ұлттық ақпараттық агенттігіне, сондай-ақ "Kronen Zeitung" (Кронен цайтунг) және "Die Presse" (Ди Пресс) баспа басылымдарына арналған брифинг өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат тілшілерді Қазақстандағы  конфессияаралық келісім мен өркениетаралық диалогты ілгерілету туралы, сондай-ақ 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі туралы таныстырды. Съезге Рим-Католик шіркеуінің басшысы Франциск, жетекші діни ұйымдардың делегациялары мен мемлекет өкілдері қатысады деп күтілуде.

Өз кезегінде, австриялық БАҚ өкілдері конференцияны өткізу идеясына оң баға беріп, «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» тақырыбының өзектілігіне тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға қызығушылық білдірді.