Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Бөлісу

13 сәуірде Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталықтың басқарма төрағасы Қарағанды облысына жұмыс сапары өтті.

Орталықтың басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е. Әліқұловпен, Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Д. Халелмен, басқарманың қызметкерлері және өңірдегі діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өткізді.

Өңірдің діни нысандарын аралау барысында Болат Сәрсенбаев ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Бекқожамен, Қарағанды және Шахтинск қалаларының епископы Әулие Севастианмен,  Фатима Мәриямның Католик кафедралық соборының қызметкері Владимир Немецпен кездесті.

Кездесу барысында Б. Сәрсенбаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаты мен міндетін дамыту жөніндегі уәкіл ретінде биыл қыркүйекте өтетін VII съезге дайындық барысын, сондай-ақ, орталықтың жұмысы туралы хабардар етті.

Алдағы іс-шараның маңыздылығын атап өткен Басқарма Төрағасы Съезд Қазақстанның дінаралық және конфессияаралық диалогтың жаһандық процесіне елеулі үлес қосқанын және ел ішінде де, халықаралық аренада да келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайтуда ерекше орын алғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Орталықтың Дінтану зерттеулері департаментінің қызметкерлері А.Темірбаев пен З. Малғараева Қарағанды облысында әлеуметтік зерттеулер аясында жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.