Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Израиль Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды

Бөлісу

Биылғы жылдың 26 ақпаны мен 2 наурыз аралығында Конфессияаралық өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Болат Сәрсенбаев Израиль Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.

Б.Сәрсенбаев Иерусалим қаласына сапары барысында саяси және діни көшбасшылармен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Иерусалим ІІІ Патриархына, Бас Сефард раввині Ицхак Йосефке және бас Ашкеназ раввині Давид Лауға 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне ресми шақыру табыс етті.

Сондай-ақ Хайва қаласында Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың атынан VII Съезге Бахаи халықаралық қоғамдастығының Бас хатшысы Дэвид Рутштейнге шақыруды табыстады.

Екіжақты кездесулер аясында Б.Сәрсенбаев Израильдің рухани көшбасшыларына 2003 жылдан бастап Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне тұрақты қолдау көрсетіп, белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, дін қайраткерлері Қазақстан басшылығына шақыру үшін алғыс білдіріп, жылдар бойы өзін тиімді бірегей диалог алаңы ретінде көрсеткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі сияқты іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Израиль СІМ-де өткен әлемдік діндер департаментінің директоры Таня Берг-Рафаэлимен және Орталық Азия департаментінің директоры Михаль Хершковицпен кездесулерде тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және дінаралық диалог саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Анықтама: Израиль мемлекетінен: 2003 ж. I Съез жұмысына - Израильдің Бас раввині Йона Мецгер қатысты; II Съез 2006 ж. - Бас сефард раввині Шломо Амар, бас Ашкенази раввині Иона Мецгер; ІІІ Съез 2009 ж. - Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перес, Израильдің Ашкеназилық бас раввині Иона Мецгер, Израильдің сефардтық бас раввині Шломо Амар, Қазақстанның Бас раввині Ешая Коген; IV Съез 2012 ж. -Иерусалим Патриархы Феофил III, Израильдің Ашкенази бас раввині Иона Мецгер, Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар, Қазақстанның Бас раввині Ешая Коген; V Съез 2015 ж. - Израильдің Бас сефард раввині Ребе Ицхак Йосеф; VI Съезд 2018 ж. -Иерусалим және бүкіл Палестина Патриархы Теофил III, Бас сефард раввині Ицхак Иосеф, бас Ашкенази раввині Дэвид Лау, Бахаи Дүниежүзілік орталығының Бас хатшысы Джошуа Линкольн және басқалар.