Биылғы жылдың 24 ақпанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстандағы Апостолдық Нунций, архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті.
«Биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ватикан толық түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас орната білді», - деді Басқарма Төрағасы.
Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында өтетін VII Съезге дайындық жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.
Ватиканның Қазақстандағы Елшісі Апостолдық нунциатурамен Ватиканның Қазақстанмен дінаралық келісімді қамтамасыз ету, әлемде мәдениетаралық диалогты ілгерілету жұмыстарын қолдау үшін барлық қажетті күш-жігер жұмсалатынын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар Съез Хатшылығының XX отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық жұмыстары аясында одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге келді.