Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Астана қаласының Суретшілер одағымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бөлісу

Бүгін, 9 ақпан күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев және Астана қаласы Суретшілер одағының Төрағасы Өмірәлі Исмаилов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – мәдениет, өнер, өркениетаралық және мәдениетаралық диалог бағытында тығыз серіктестікті жүзеге асыру.

Тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ерекше жаһандық дінаралық диалогтық алаң ретінде жылжытуға және таратуға, сонымен қатар, VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін бірлесе ұйымдастыру және өткізу бойынша серіктестік орнатуға келісті.

Сонымен қатар, Меморандум халықаралық және отандық қауымдастықта қазақстандық халықтың рухани және тарихи мұрасының құндылықтарын, сондай-ақ, қауіпсіздік саласында Қазақстанның бірегей сыртқы саяси бастамаларының маңыздылығын жылжытуға бағытталған ғылыми және мәдени-танымдық жобаларды, мұражайлық және қазақстандық суретшілер жұмыстарының басқа да көрмелерін даярлау және жүзеге асыруды қамтиды.

Серіктестіктің негізгі зор бағыттарының бірі қоғам мен тұлғада толеранттылық және достық құндылықтарын тәрбиелеп, кез-келген конфессия өкілдеріне сыйластық қарым-қатынасты әдеттендіру бойынша ортақ бағдарламалар мен тақырыптық жобаларды дайындау болып табылады.

Кездесу барысында, Орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Астана қаласының Суретшілер одағы өзінің 60-жылдық тарихында Қазақстан өнерінің қалануына және дамуына теңдесі жоқ үлес қосып, елорданы көркейтіп жатқандығын ерекшелеп өтті.

«Біз Орталық пен Одақ арасында орныққан әріптестікті жоғары бағалаймыз, себебі бізді ортақ мақсаттар мен мүдделер біріктіреді. Меморандумда көзделген дін, өркениетаралық және дінаралық диалог, теология, тарих, өнер және мұражайлық іс салаларындағы ортақ іс-шаралар – халықаралық және республикалық конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар, сонымен қатар, бірлескен консультативтік жұмыстар ортақ міндеттерді жылжытуда өз нәтижелерін беретініне сенімдімін», - деді Болат Сәрсенбаев.

Сонымен бірге, Орталық басшысы Суретшілер одағының Төрағасын 2022 жылы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін алдағы «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөлі» тақырыбындағы VII Съез отырысына қатысты белсенді ұйымдастырушылық жұмыс туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде Астана қаласы Суретшілер одағының Төрағасы Өмірәлі Исмаилов конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі мемлекет басшылығының бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі Н.Назарбаев орталығының рөлін атап өтті.

Кездесу соңында Орталықтың Басқарма Төрағасы Өмірәлі Исмаиловты VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің аясында ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе ұйымдастырылып, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер базасында өтетін дөңгелек үстелдер топтамасына қатысуға шақырды.