Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығы Пәкістанда конфессияаралық және өркениетаралық дамудың қазақстандық тәжірибесімен бөлісті

Бөлісу

Пәкістан Ислам Республикасына жұмыс сапары аясында, 2021 жылдың жылдың 23-28 желтоқсан аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Дін және конфессияаралық келісім мәселелері жөніндегі федералдық министр Пир Нұр-ул-Хак Кадриге, Исламабад халықаралық ислам университетінің президенті доктор Хатал бен Хамуд Әл-Отайбиге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаев атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне ресми шақыру табыс етті. Сонымен қатар, Пәкістандағы Ислам идеологиясы Кеңесінің Төрағасы Қибла Айазбен, Пәкістан және Таяу Шығыс Үкіметінің діни үйлесімділік мәселелері жөніндегі Премьер-Министрінің арнайы өкілі Маулан Тахир Мехмуд Ашрафимен екіжақты кездесулер өтті.

Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіре отырып, Орталықтың Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жаһандық бастамаларын ілгерілетудегі негізгі мақсаттары мен міндеттері, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Съезінің негізгі идеяларын насихаттау жұмыстарын атап өтті.

«Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру біздің еліміздің жандануы мен қалыптасуындағы басымдыққа айналды. «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік» - бұл сөз тіркесі жалпы сөйлем немесе ұран ғана емес, сонымен бірге іргелі принцип, рухани жаңғырудың негізі болды. Бұл құндылықтар ұлттық ойлаудың басты парадигмасына және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік дамуының ұйымдастырушы күшіне айналды. Сонымен қатар, біздің еліміз ауқымды форум - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі түріндегі тұрақты дінаралық диалог алаңына айналды. Елбасының Съез шақыру жөніндегі бастамасы бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы жаһандық дінаралық диалогты дамытуға елеулі үлес қосты», - деді Болат Сәрсенбаев.

 Сонымен қатар, биылғы жылдың 27 желтоқсанында Исламабадқа сапар барысында орталықтың басқарма төрағасы "Бітімгершілік, ұлттық интеграция, әлеуметтік бірлік және конфессияаралық келісім» атты халықаралық конференцияға қатысты.

 Халықаралық конференция аясында жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының, университеттердің әлемдік сарапшылары, Діни бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ беделді қоғам және саяси қайраткерлер әлем елдеріндегі діни ахуалды дамытудың, дінаралық, мәдениетаралық диалог пен рухани, ұлттық интеграция мен әлеуметтік ауызбіршілікті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Исламабад халықаралық ислам университетінің президенті доктор Хатал бен Хамуду Әл-Отаиби, Исламабад халықаралық ислам университеті Исламтану институтының төрағасы, доктор Мухаммед Зия Уль-Хак, Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеулері институтының дәріскері, доктор Мухаммад Ислам, Исламабад халықаралық ислам университетінің ректоры, доктор Масум Ясинзай, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Кистафин, Пәкістан парламентінің мемлекеттік министрі Али Мухаммад Хан, Пәкістан және Таяу Шығыс Үкіметінің діни үйлесімділік мәселелері жөніндегі Премьер-Министрінің арнайы өкілі Мәулан Тахир Мехмуд Ашрафи, Федералды жоспарлау, реформаларды дамыту және арнайы бастамалар министрі Асад Омар, Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Асад Кайзер, сондай-ақ басқа да ғалымдар, зерттеушілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы өз сөзінде конфессияаралық саладағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әріптестік қатынастың басымдығын атап өтті. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезінің тұрақты қатысушысы, Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеулері институтының төрағасы, доктор Мұхаммед Зия ул-Хакпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы осыған дәлел болды.

Кездесулер мен іс-шара қорытындысы бойынша Болат Сәрсенбаев Пәкістанның алғашқы жетекші цифрлық "Discover Pakistan" телеарнасының "Пәкістанға қош келдіңіз" бағдарламасында сұхбат беріп, Қазақстан мен Пәкістанның дінаралық саладағы ынтымақтастығының болашағын, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда 2022 жылы Әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Пәкістан тарапы Орталықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын іске асыруға қосқан үлесін, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың конфессияаралық диалогты сақтау мен нығайтудағы реформасын жоғары бағалады.