Биылғы жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің жиналысы аясында өтті.
А.Балаева келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтай отырып, конфессияаралық келісім мен қазақстандықтардың бірлігі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында тұрақтылық пен қайта құрулар табысының негізіне айналғанын атап өтті. Қазақстанның діни бірлестіктері қоғамның рухани-адамгершілік шоғырлануында және оның негізгі жалпыадамзаттық құндылықтар төңірегінде топтасуында шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ еліміздегі конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығы саласын дамытуға Министрлік ерекше көңіл бөлетіні айтылды.
Өз кезегінде Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірегей алаңы аясында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты қолдаудың, елімізде және әлемде толеранттылық идеяларын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар конфессияаралық саладағы мәселелерді талқылау бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуге қолдау көрсеткені үшін Министрлікке алғыстарын білдіріп, одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша Министр А.Балаева Қазақстандағы конфессияаралық келісімді сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.