2021 жылдың 30 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Иорданияның Бас мүфтиі Абдулкарим әл-Хасаунмен кездесті.
Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаев атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысу үшін Иорданияның Бас мүфтиі Абдулкарим әл-Хасаунға ресми шақыруды табыс етті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы конфессияаралық және дінаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілетудегі Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, Иордания Бас мүфтиі Абдулкарим Әл-Хасаун Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар кешенінің іске асырылуы мен 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық жоспарымен танысты.
Өз кезегінде Иорданияның Бас мүфтиі Қазақстан тарапына шақырғаны үшін алғысын білдіріп, алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қатысуға дайын екендігін білдірді. Бүгінде халықаралық аренада дінаралық қатынастардың рөлі артып келе жатқаны және бұл диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шеңберінде тәжірибе алмасудың маңыздылығын айқындайтыны атап өтілді.