29 қарашада ZOOM бейнеконференция форматында «Өркениеттер бейбітшілігі және діндердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі мен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының басшысы Ержан Байбол, «Түркия-Қазақстан» достық қауымдастығының төрағасы Джесурхан Таш, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Досай Кенжетай, Түркияның Дін істері басқармасының провинциялық уағызшысы Салим Нурсачан, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Мадина Бектенова және Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур қатысып, сөз сөйледі.
Сарапшылар адамзат өркениеті мен әлемдік діндердің даму проблемаларын, діни сенім, мәдениеттер мен қоғамдардың бір-бірінен алшақтауы мәселелерін талқылады. «Түркия-Қазақстан» достық қауымдастығының төрағасы Джесурхан Таш Қазақстан сияқты мемлекетте 140-қа жуық түрлі этнос пен 17 конфессия өкілдері тұратынын атап өтті. Еліміздегі діни толеранттылық пен өзара түсіністіктің маңызы зор. Діндегі мұндай төзімділік – бейбітшіліктің, береке-бірлік пен экономикалық даму тұрақтылығының кепілі. Талқыланған мәселелер дөңгелек үстелге қатысушылардың айтарлықтай қызығушылығын тудырды. Шараға барлығы 40-қа жуық адам қатысты. Дөңгелек үстел ZOOM полиэкраны арқылы өткізілуі елдер арасындағы шекараларды жоюға мүмкіншілік туғызып, талқылауды жеңілдетіп, сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік берді