Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы М. Керимен және Қазақстанның Словакия Республикасындағы Елшісі Р.Василенкомен кездесті

Бөлісу

Биылғы жылдың 20 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мариан Керимен және Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенкомен кездесті.

Кездесудің мақсаты конфессияаралық және дінаралық саладағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілерін талқылау болды.

Кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы қонақтарды 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне белсенді дайындық жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, Орталықтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шаралары туралы баяндады.

Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстанның Словакия Республикасындағы Елшісі Болат Сәрсенбаевқа мазмұнды кездесу үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Елбасы Н. Назарбаевтың бірегей диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін құрудағы ерекше рөлі мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халықаралық аренадағы діндер мен өркениеттер диалогын ілгерілетудегі дәйекті саясатын атап өтті.

Кездесу соңында Болат Сәрсенбаев қонақтарды орталық жыл соңына дейін Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп жүзеге асыратын алдағы халықаралық дөңгелек үстелдерге қатысуға шақырды.

Қонақтар үшін Н.Назарбаев орталығының Бейбітшілік және келісім мұражайында экскурсия ұйымдастырылды.