Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX Хатшылығы аясында «Әлемге мейірімді қөзқарас» халықаралық фотокөрмесі өтті

Бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XIX Хатшылығының аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және Келісім сарайында «Әлемге мейірімді қөзқарас» атты халықаралық фотокөрме ашылды.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған әлемдік және дәстүрлі діндерге арналған фотокөрмелер топтамасындағы Төртінші фотокөрме әлемдік буддизм дініне арналды.

Фотокөрменің мақсаты – әлемнің әр түрлі халықтарының діндері мен мәдениеттеріне толерантты дүниетанымды қалыптастыруға және құрметпен қарауға, қоғамды негізгі адами және рухани құндылықтардың айналасына топтастыруға, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда ортақ жауапкершілікті нығайтуға ықпал ету.

Фотокөрмені Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі ХІХ Хатшылығының мүшелері: Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры Мухаммед Зия Уль-Хак (Пәкістан Ислам Республикасы), Түркия Дін істері басқармасы департаментінің директоры – Бирджан Ремзи, Иран Ислам Республикасының Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының Ислам және Христиан диалогы департаментінің директоры – Захра Рашидбейги, Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы – Юрий Новгородов, «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламасының хатшысы Рудракша Сакрикар (Үндістан), Нұр-Сұлтан қаласындағы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископ-митрополиті. Томаш Бернард Пэта және т.б. тамашалады.

Еске сала кетейік, Бейбітшілік және Келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі ХІХ Хатшылығы кезінде «Әлемге мейірімді қөзқарас» халықаралық фотокөрмесімен бірге Заманауи «Құланшы» өнер орталығының «Тұлпар», Лейла Махаттың «Ұлы дала аңыздары», «Белгілерді сақтаушы» авторлық көрмесі сынды өзге де тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.