Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

Бөлісу

Съез Хатшылығының XIX -шы отырысы қарсаңында, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім мақсатындағы дінаралық диалог» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары – Б.Бәкіров, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Барма Төрағасы – Б.Сәрсенбаев, Н.Назарбаев Орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Р.Ахмет, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері – М.Бектенова, сонымен қатар Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің кафедра, факультет басшылары, профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын түсіндіруге, конфессияаралық диалогты қамтамасыз етуге және сақтауға, сондай-ақ бірегей халықаралық алаң - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін насихаттауға, Елбасының негізгі бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.

Құттықтау сөз сөйлеген Орталықтың Басқарма Төрағасы Н.Назарбаев Болат Сәрсенбаев халқымыздың ішкі іргетасы «толеранттылық, келісім мен өзара түсіністік векторы» екенін атап өтті. Бұл құндылықтар ұлттық ойлаудың негізгі парадигмасына және тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік дамуының, оның тиімді саясатының ұйымдастырушы күшіне айналды. Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы құндылықтарды одан әрі сақтау қажеттілігі туралы айтқан болатын.

Сонымен қатар, Орталық басшысы дөңгелек үстелге қатысушыларды Орталықтың жақын арада өтетін халықаралық шараларымен таныстырды, атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5-6 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының меңгерушісі – М.Әшімбаевтың төрағалығымен, Әзірбайжан, Армения, САК, БАӘ, Үндістан, Пәкістан, Ресей, Түркия, Иран, Ватикан, Ұлыбритания, Израиль, Египет және т.б. әлемнің 20 елінен келетін халықаралық ұйымдардың, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм діндерінің діни бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен өтетін Съез Хатшылығының XIX отырысы жайлы айтты.

Аңдатпа, жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде дөңгелек үстелдер өткізу, бірлескен зерттеулерді дайындау, ғылыми тағылымдамалар, тақырыптық аналитикалық басылымдарды тұрақты түрде шығаруды Н.Назарбаев орталығы елдің жетекші университеттерімен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында өткізіп отырады.