Жаңалықтар

Сауд Арабиясы Корольдігінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

2021 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының алдағы ХІХ отырысы шеңберінде Эр-Риядта онлайн форматта "Бейбітшілік пен келісім мақсатындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалог" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты конфессияаралық даму мәселелері бойынша сараптамалық пікір алмасу, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің тұжырымдамалық идеяларын жаһандық деңгейде талқылау және насихаттау болып табылады.

Дөңгелек үстелді ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Вил Бас хатшысының өкілі, Италиядағы ВИЛ өкілдігінің басшысы Абдель Азиз бен Ахмад Сархан, Орыс-Араб зерттеулері және ақпарат қорының төрағасы Доктор Маджед Ат-турки, Сауд Королі Университетінің Профессоры Абдулла Бен Фахад Әл-Лехайдан, ҚР САК-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Арын, Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев, ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары А. Мусинов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары Т. Шаймергенов, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Ә. Марғұланұлы, Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының директоры Е. Байбол, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы С.Құрбанұлы және басқа да ғылыми-сарапшылық қоғамдастық өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар конфессияаралық диалогты дамытудың өзекті мәселелерін, дінаралық алаң - съездің қоғамдағы және елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлін талқылады.

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Арын өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың жоғары рөліне тоқталды. Елбасының Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы бірлік пен келісімді орнатудағы еңбегі туралы айта келіп, Н.Назарбаевтың дана да көреген саясаты әлемде "Қазақстан жолы"ретінде танылған этносаралық және конфессияаралық келісімнің өзіндік бірегей үлгісін жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары Т.Шаймергенов халықаралық деңгейдегі баламасы жоқ бірегей келіссөздер алаңы болып табылатын алдағы хатшылық пен съездің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. "Бүгінгі таңда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі бейбітшілікті нығайту және біздің өркениетімізді сақтау, әлемдік конфессиялардың тікелей және сындарлы диалогы үшін тұрақты жұмыс істейтін жалғыз жаһандық алаң болып табылады" - деп атап өтті спикер.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері М.Бектенова диалогты дамытудың жаңа жолдары мен шешімдерін іздеуде маңызды мәнге ие Мәдениеттер мен өркениеттерге қатысты өзінің сарапшылық пікірімен бөлісті.

Шетелдік және қазақстандық сарапшылардың баяндамаларын қорытындылай келе, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма төрағасы Б. Сәрсенбаев бүгінгі күні талқыланып жатқан мәселелер адамгершілік қоғамды қалыптастыру үшін аса маңызды екенін алға тартты.

«Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың таяудағы Жолдауында айтылғандай, этносаралық және конфессияаралық келісім оны нығайтуды қажет ететін баға жетпес құндылық болып табылады. Осыған байланысты, осындай іс-шараларды бүкіл әлем бойынша өткізу толерантты дүниетанымды насихаттауға және әртүрлі халықтардың діндері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауға ықпал ететініне сенімдімін»,-деді Б.Сәрсенбаев.

 Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды нығайту мақсатында мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру маңызды деген ортақ пікірге келді.

Естеріңізге сала кетейік, Съездің XIX Хатшылығы қарсаңында Үндістан, Пәкістан, Чехия және Швейцарияда 4 дөңгелек үстел өтті. Жыл соңына дейін дөңгелек үстелдер тағы 8 елде өтеді деп күтілуде. Олар: Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Түркия.