Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесеріне қатысты

Бөлісу

Бүгін, биылғы жылдың 15 маусымында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесеріне қатысты.

Іс-шараға сонымен қатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен дінтанушылар қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ихсан ілімі адамды рухани жетілдіретін, оны адамзаттың биік деңгейіне көтеретін және ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын негіз болып табылатынын атап өтті.

Болат Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы қоғамдағы аса өзекті аспектілерді қамтитындығын баса айтты.

«Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бейбітшілік пен келісім мемлекеттің басты жетістігіне айналды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Абайға тиесілі «кемел адам» тұжырымдамасын ел дамуының негізі ретінде алу қажеттігін атап өтті. Осы бастама аясында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының осындай шараны ұйымдастыруы бәріміз үшін өте маңызды деп санаймын. Мұндай құнды еңбектер адамның рухани кемелденуіне әсер етіп, жан-жақты қолдау табатынына сенімдімін», – деді Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы.

Тұсаукесердің соңында Болат Сәрсенбаев ҚМДБ мен Бас мүфтиге осындай ағарту іс-шараларын ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Аллаға Ихсан», «Жеке Ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылғанын және ислам ғалымдарының Ихсан ілімі туралы көзқарастары көрсетілгендігін айта кеткен абзал.